2023 жылғы 7 наурызда "орта мектеп 23" КММ-де "Көктемгі көңіл-күй!"
8 наурыз – көктемнің басты мерекелерінің бірі. Ол сұлулықты, нәзіктікті және жаңа нәрсенің басталуын бейнелейді 2023 жылдың 7 наурызында "23 орта мектебі" КММ-де "Көктемгі көңіл-күй" атты мерекелік концерт ұйымдастырып, өткізілді. Мерекеге әжелер, аналар, қыздар мен мектеп қызметкерлері шақырылды. Бұл мерекені ұйымдастыруға мектеп парламентінің мүшелері көмектесті. Балалар құрметті көрермендерге жылы құттықтаулардан, жарқын музыкалық нөмірлерден, жанға жайлы әндер мен өлеңдерден тұратын ерекше көктемгі букет дайындады. Гүл көктемнің алғашқы күндерімен келетін шұғылалы мереке - 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні құтты болсын! Бір қолымен бесікті,бір қолымен әлемді тербеткен ақ жаулықты аналар мынау жарық дүниедегі ізгіліктің бейнесіндей. Бақытты әйел - әр шаңырақтың,қала берді күллі Отанымыздың мерейі. Бүгінгі күні адамзаттың жанына жылылық ұялатып, жүрегіне шапағат сыйлайтын мейірімімен ерекше. Асыл әже, аяулы ана, талшыбықтай нәзік ару - халықтың асқақ абыройы, егеменді елдің болашағы. Мереке құтты болсын!
Автор: 23 орта мектеп
Қосылған күні: 2024-03-07
|
Көріністер: 42 |
|