2025 жылдың 23 сәуірінде "№23 орта мектеп" КММ-де қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, жазушы, ғалым, қоғам қайраткері Сәбит Мұқановтың туғанына 125 жыл толуына арналған дөңгелек үстел өтті
2025 жылдың 23 сәуір күні №23 орта мектепте қазақ әдебиетінің аса көрнекті өкілі, жазушы, ғалым, қоғам қайраткері Сәбит Мұқановтың туғанына 125 жыл толуына орай дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Аталған іс-шараға 7-сынып оқушылары мен қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Сыздыкова Анар Орынбаевна және Асаинова Самал Нурлановна қатысты. Сонымен қатар мектеп кітапханашылары да белсенділік танытып, жазушы шығармашылығына арналған мазмұнды кітап көрмесін ұйымдастырды. Көрмеге жазушының өмірі мен шығармашылығын танытатын кітаптар, фотосуреттер мен құнды мәліметтер қойылып, оқушыларға кең көлемде ақпарат ұсынылды. Дөңгелек үстел барысында оқушылар Сәбит Мұқановтың шығармаларынан үзінділер оқып, жазушының әдеби мұрасы туралы өз ойларымен бөлісті. Мұғалімдер мен кітапханашылар жазушының әдебиетке қосқан үлесі, ұлттық сананы қалыптастырудағы рөлі жөнінде мазмұнды пікірлер айтты. Шараның негізгі мақсаты – оқушыларды қазақ әдебиетінің көрнекті тұлғаларымен таныстыру, олардың шығармашылығын құрметтеуге және ұлттық рухты дәріптеуге тәрбиелеу болды. Мектебімізде өткізілген бұл әдеби танымдық шара оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, рухани байлыққа жетелейтін маңызды қадам болды.




Автор: 23 орта мектеп
Қосылған күні: 2025-04-23
|
|
Көріністер: 41 |
|