Бүгін 11-қыркүйек күні «23 орта мектеп» КММ 11-сынып оқушылары арасында «Тіл – халықтың айнасы» атты интеллектуалды ойын өтт
Бүгін 11-қыркүйек күні «23 орта мектеп» КММ 11-сынып оқушылары арасында «Тіл – халықтың айнасы» атты интеллектуалды ойын өтті. Іс-шараны жоғары деңгейде ұйымдастырған ұстаздар Баилов А.И., Набиева Р.Ж. Іс-шара барысында оқушылар жылдам ойлау қабілеттерін, өз білімін, тіл байлығын, тапқырлығын, мақал-мәтелдерді білуін, көптілділігін және өнерін көрсетті. Жетістікке жеткен оқушылар: Исламгиреева Милана, Гульмятова Дильнара, Аманжолова Дильназ, Саду Гияр, Лучкин Артур, Белялова Дарина, Майданевич Надежда. Бұл оқушыларға «Қазақ тілі елінің құрметті азаматтары» марапаты берілді. Барлық қатысушыларға алғыс білдіреміз, жеңімпаздарды құттықтаймыз! Бұл іс-шара жас ұрпақтың қазақ тіліне деген сүйіспеншілігін арттырып, білімге құштарлығын нығайтты.



Автор: 23 орта мектеп
Қосылған күні: 2025-09-11
|
|
Көріністер: 23 |
|