• Vk
  • YouTube
  • Twitter
  • Instagram
  • Facebook

logo.jpg?_=1515606528

"№23 орта мектеп" КММ
  • kz
  • ru
  • en
  • Хабарлар

    Полиция қызметкерлері демалыстан кейінгі бірінші күні мектептердің жанында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етеді

    https://www.facebook.com/share/r/1XUdZoDAdr/

    Солтүстік Қазақстан облысының полиция Департаменті

    Департамент полиции СКО

    СҚО-да каникулдан кейінгі алғашқы күні оқушылардың қауіпсіздігін полиция қызметкерлері қамтамасыз етті
    Қысқы каникулдан кейінгі алғашқы оқу күні Солтүстік Қазақстан облысында полиция қызметкерлері мектептер маңында кезекшілік атқарды. Сабаққа бет алған оқушылар қоғамдық тәртіп сақшыларының өз қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жақын жерде жүргенін көрді.
    Өткен жылы Солтүстік Қазақстан облысында жол-көлік оқиғалары салдарынан 45 дерек бойынша 48 кәмелетке толмаған жаяу жүргінші зардап шеккен. Каникулдан кейін балалардың тәртіпке толықтай бейімделе қоймаған кезеңі ерекше назар аударуды талап етеді. Полиция қызметкерлері оқушылардың жолды дұрыс кесіп өтуін бақылап, көлік қозғалысын реттеді, белгіленбеген орындарға автокөліктердің тоқтауына жол бермеді.
    Бұл, әсіресе, қаланың қозғалысы қарқынды көшелерінде орналасқан мектептер маңында өзекті. Мәселен, № 23 мектепке баратын көптеген оқушылар таңертең көлік ағыны тығыз болатын Уәлиханов көшесін кесіп өтеді. Полиция қызметкерлері балаларын «бір минутқа» түсіріп кету үшін мектеп маңына тоқтаған жүргізушілерге мұндай әрекеттердің жол қозғалысына қосымша қауіп төндіретінін түсіндірді.
    Ювеналдық полиция қызметкерлері оқушыларды қарсы алып, жоғары сынып оқушыларымен профилактикалық әңгімелер жүргізді. Олар жиі кездесетін құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілікті еске салып, буллинг, интернет-алаяқтық және басқа да қауіптер туралы ескертті.
    Мұндай жұмыс тек облыс орталығында ғана емес, аудандарда да жүргізілуде. Негізгі мақсат — тек алдын алу шаралары емес. Полиция қызметкерлері балалардың өзін қауіпсіз сезінуіне, көмек қажет болған жағдайда қайда жүгіну керектігін білуіне және «Заң мен Тәртіп» қағидаттары негізінде ой қалыптастыруына жағдай жасауды көздейді.

     
     
     
     

    Автор: 23 орта мектеп

    Қосылған күні: 2026-01-08

    Көріністер: 18


    Пайдалы сілтемелер