4 «А» сынып оқушыларымен «Шаңырақ күніне арналған “Наурыз – ұлт құндылықтарының бастауы”» атты сыныптан тыс іс-шара болды
НАУРЫЗ - ҰЛТ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫНЫҢ БАСТАУЫ
4 «А» сынып оқушыларымен «Шаңырақ күніне арналған “Наурыз – ұлт құндылықтарының бастауы”» атты сыныптан тыс іс-шара болды. Іс-шараны ұйымдастырған ұстаздар: Исмаилова А.Т. және Уаисова Ш.С.
Іс - шара барысында оқушылар Наурыз мерекесінің маңызын және "Шаңырақ күні" мәнін ұштастыра отырып, ұлттық құндылықтар туралы білімдерін кеңейтті. Қазақ халқы үшін шаңырақ – отбасының, бірліктің, татулықтың символы екені түсіндірілді.
Оқушылар ұлттық салт-дәстүрлерді дәріптеп, өлең оқып, ән айтып, би биледі. Отбасы құндылықтары, үлкенге құрмет, кішіге ізет сияқты қасиеттер туралы ой-пікірлерімен бөлісті.
Іс-шараның мақсаты – жас ұрпақтың бойына ұлттық рухты сіңіру, бірлік пен ынтымақтастықты нығайту, салт-дәстүрге деген құрметін арттыру.
Іс-шара мазмұнды, әсерлі және жоғары деңгейде ұйымдастырылды.
![]()
|
|
Көріністер: 3 |