"№23 орта мектеп" КММ-де дропперство және есірткі қылмысы тақырыбында профилактикалық дәріс өтті.
Кездесу барысында жоғары сынып оқушыларына:
- дропперлер кім және жасөспірімдер қылмыстық әрекетке қалай қатыса алады;
- кәмелетке толмағандар үшін қандай салдарлар, соның ішінде қылмыстық жауапкершілік туындауы мүмкін;
- интернетте және нақты өмірде қауіпті схемаларды қалай тануға болады;
- неліктен сергек болу және оңай табыс ұсыныстарына берілмеу маңызды.

