ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚ, АСЫҚ АТУ!
ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚ, АСЫҚ АТУ!
«23 орта мектеп» КММ 19-наурыз күні «Бабамыздан қалған асыл қазына» атты ұлттық ойын түрлерінен Дене шынықтыру бірлестігі ұлттық ойын түрлері тоғызқұмалақ, асық ату, ләңгі ойындарына сайыс ұйымдастырды..
Сайысқа жас ерекшеліктеріне қарай 5 - 6 сынып оқушыларының үздік спортқа бейім оқушылар қатысты.
Мақсаты:
Білімділік-ұлттық дәстүрлі ойын тоғызқұмалақ жөнінде мәлімет беру, ережесімен таныстыру
дамытушылық- оқушылардың логикалық ой-өрістерін, тапқырлық, зеректік, икемділік қабілеттерін дамыту тәрбиелілік-ұлттық құндылықтарды дәріптеу арқылы, тоғызқұмалақ, садақ ату, дәлдікті нысаналау болса, асық ату ойынына қызығушылықтарын арттыру. Ләңгі тебу үнемі қозғалыстағы қазірргі кезде ұмытылып бара жатқан ойын түрі.
Күтілетін нәтиже:
Тоғызқұмалақ ойыны арқылы есептеуге үйренді, қазақтың ұлттық ойындарының құндылықтарын сезінді.
Жарыс қортындысы бойынша әр түрінен орын алған оқушылар онкүндікдің қортынды кешінде марапатталады.






