«№23 орта мектеп» КММ «Қыз сыны-2024» байқауы болып өтті
«№23 орта мектеп» КММ «Қыз сыны-2024» байқауы болып өтті.
Мақсаты: Қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру, қазақ халқының қыз тәрбиелеу салт-дәстүріне байланысты әдептілікке, инабаттылыққа, ізеттілікке тәрбиелеу.
Байқау барысында қыздарымыз бірнеше сайыс түрі бойынша бақ сынасты. Өзін-өзі таныстыру, өз өнерін көрсету, үй жұмысы және де викториналық сұрақтар қойылды. Қыздар өте жоғары деңгейде дайындалғандығы жарыстың басынан-ақ байқалды. Бір-бірінен мықты болған оқушы қыздардың арасынан, Бас жүлдені 8-сынып оқушысы Жерютина Алена иеленді. Қыздарымызды жеңістерімен құттықтаймыз!








