«№23 орта мектеп» КММ-де «Электромопедтерді тіркеу» тақырыбында профилактикалық дәріс өтті

«№23 орта мектеп» КММ-де «Электромопедтерді тіркеу» тақырыбында профилактикалық дәріс өтті.
Оқушылар алдында СҚО ПД әкімшілік полиция басқармасының өкілдері: СҚО ПД ПББ бастығы, полиция подполковнигі А. Х. Жамалиев, СҚО ПД ПБ ГОДПС ПБ аға инспекторы, полиция майоры А. Е. Жамуков, сондай-ақ СҚО ПБ ПЦ мемлекеттік автоинспекторы, полиция капитаны Д. А. Бейсембаева түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында оқушыларға электромопедтерді тіркеу тәртібі, заңнама талаптары түсіндірілді, сондай-ақ жол қозғалысы ережелерін сақтау қажеттілігі туралы еске салынды.
Сонымен қатар, ЖҚИ отряды 9-11 сынып оқушыларымен профилактикалық жұмыс жүргізді. Жас қозғалыс инспекторлары жоғары сынып оқушыларына жол қозғалысының негізгі ережелерін еске салып, оларды сақтаудың маңыздылығына және жолдағы жауапты мінез-құлыққа назар аударды.
Өткізілген іс-шара оқушылар арасында құқықтық сауаттылық пен жол қауіпсіздігі деңгейін арттыруға бағытталған.