8 сәуірде "№23 орта мектеп" КММ-де қала колледждері өкілдерінің оқушылардың ата-аналарымен кәсіби бағдар беру кездесуі өтті

8 сәуірде "№23 орта мектеп" КММ-де қала колледждері өкілдерінің оқушылардың ата-аналарымен кәсіби бағдар беру кездесуі өтті.

Кездесуге Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінің, жоғары құрылыс-экономикалық колледжінің, гуманитарлық-техникалық колледжінің, кәсіптік даярлау және сервис колледжінің, қызмет көрсету саласы колледжінің, Петропавл машина жасау және көлік колледжінің, Бескөл мектеп-колледжінің өкілдері қатысты

Іс-шара барысында ата-аналар дайындық бағыттары, қабылдау шарттары, құжаттарды тапсыру мерзімдері және түлектерді жұмысқа орналастыру перспективалары туралы ақпарат алды. Ата-аналар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, жеке кеңес ала алды.