25 сәуірде бүкіл республика бойынша қоршаған ортаны таза әрі жайлы етуге ұмтылған мыңдаған адамдарды біріктіретін жаппай экологиялық іс-шаралар өтті

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯ
Қ.Ж. Тоқаевтың бастамасымен өткен Таза Қазақстан экологиялық акциясы қысқа уақыт ішінде кең ауқымға ие болып, бүкіл елді қамтыды. Іс-шараның негізгі мақсаты-жасыл аймақтарды дамыту, жастар арасында экологиялық мәдениетті арттыру және табиғатқа ұқыпты қарауды қалыптастыру.
25 сәуірде бүкіл республика бойынша қоршаған ортаны таза әрі жайлы етуге ұмтылған мыңдаған адамдарды біріктіретін жаппай экологиялық іс-шаралар өтті.
Аталған акцияға Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Г. Нұрмұхамбетов қатысты. Облыс басшысы атап өткендей, акция өңір тұрғындарын біріктірді, оған әсіресе жастар белсенді қатысуда. Бастамаға біздің мектеп оқушылары да қосылды В. Порваткин, Т. Савченко, А. Меркер.
Қазіргі динамиканы сақтай отырып, «Таза Қазақстан» бір реттік акция ғана емес, елдің тұрақты дамуының ұзақ мерзімді стратегиясының маңызды бөлігі болуға әлеуеті бар екенін атап өту маңызды.
.