25 Мамырда "№ 23 орта мектеп" КММ-де "Заң мен тәртіп" тақырыбында бірыңғай сынып сағаты өткізілді

25 Мамырда "№23 орта мектеп" КММ-де "Заң мен тәртіп"тақырыбында бірыңғай сынып сағаты өткізілді. Іс-шара барысында оқушылармен Қазақстан Республикасының көпұлтты халқының патриотизмі, бірлігі мен үйлесімділігі мәселелері талқыланды. Еліміздің Негізгі заңы ретінде Қазақстан Республикасы Конституциясының маңыздылығына, сондай-ақ жастар арасында құқықтық тәртіп пен құқықтық мәдениетті нығайту мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Сынып сағаты аясында балалар "Таза Қазақстан" бастамасының маңыздылығын айтып, қоршаған ортаға ұқыпты қарау, туған өлкеде тазалық пен тәртіпті сақтау мәселесін талқылады. Сондай-ақ оқушылардың қабілеттерін, шығармашылық әлеуетін және пайдалы жұмыспен қамтылуын дамытуға ықпал ететін қосымша білім беру ұйымдарындағы сабақтардың маңыздылығы атап өтілді.
Әңгіме барысында үлкендерге құрметпен қарау, кішілерге қамқорлық жасау, отбасылық және ұлттық құндылықтарды сақтау қажеттілігі туралы айтылды. Соңында оқушыларға жазғы кезеңде оқуға ұсынылған көркем әдебиеттер тізімі берілді.