026 жылдың 8 қыркүйек күні 5 «Е» сыныпта Қазақстан халқы тілдері күніне орай қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Ш. С. Уаисовамен «Тіл - достықтың алтын көпірі» атты зияткерлік ойын өтті

2026 жылдың 8 қыркүйек күні 5 «Е» сыныпта Қазақстан халқы тілдері күніне орай қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Ш. С. Уаисовамен «Тіл - достықтың алтын көпірі» атты зияткерлік ойын өтті. Шараның мақсаты оқушылардың тіл құдіретін сезіне білуге, дұрыс сөйлеп, сөз мағынасын түсіне білуге қалыптастыру.
Оқушылардың сөйлеу мәдениетін дамыту, өз ойларын еркін жеткізе білуге, пікір таластыра білуге дағдыландыру.
Сабаққа қатысушы оқушылар әр бөлімде берілетін тапсырмалар, жағдаяттарды шешу арқылы, тапқырлыққа, шапшаңдыққа, шығармашыллыққа үйренді. Топқа бөлініп сұрақтарға жауап берді, мақал мәтелдердің мағынасын ашып сөздерді ретімен қойды, суретті ребустарды шешті, өз ойларын постерге салып қорғады, «Тіл» сөзіне синквейн жазды. Ойын соңында шашу шашылып, тәтті бауырсақтардан дәм татты.