"Мектепке жол" - Балаларды бірге қолдаймыз!
Жыл сайынғы "Мектепке жол" қайырымдылық акциясы аясында қалалық кәсіподақ комитеті біздің кәсіподақ мүшесі А. О. Сағитоваға кеңсе тауарларын сатып алуға материалдық көмек көрсетті.
С. К. Макишеваға ізгі бастаманы жүзеге асыруға көңіл бөлгені, қолдағаны және қатысқаны үшін зор алғысымызды білдіреміз
Біздің қызметкерлердің отбасыларына қолдау көрсету және оларға қамқорлық жасау — кәсіподақ ұйымы қызметінің маңызды бағыттарының бірі. Жаңа оқу жылы жақсы оқиғалардан, сенімділіктен және жаңа жетістіктерден басталсын!

Барлық оқушыларға табысты оқу жылы, жаңа білім, жетістіктер мен жарқын жеңістер тілейміз!

