"Тіл білгірі " зияткерлік іс-шарасы Қазақстан халқы тілдері күнін мерекелеу аясында №23 орта мектептің 5 "Б" сыныбында өткізілді
Тілдер мерекесіне орай оқушылардың тілге деген қызығушылығын арттыру, мемлекеттік тілге деген құрметін қалыптастыру және білімдерін жетілдіру мақсатында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Баймаканова А. А. ұйымдастыруымен 5 “Б” сыныбында “Тіл білгірі” атты интеллектуалды ойын өткізілді.
Іс-шара барысында оқушылар қазақ тілі бойынша түрлі қызықты тапсырмалар орындап, мақал-мәтелдер, жұмбақтар, логикалық және шығармашылық сұрақтарға жауап берді.
Оқушылар өздерінің білімдерін, тапқырлықтары мен шапшаңдықтарын көрсетті. Іс-шара қызықты әрі тартысты өтті. Оқушылар белсенділік танытып, өзара ынтымақтастықта жұмыс жасады.
