"№23 орта мектеп" КММ-де "Жасыл Даму" Қорының қолдауымен ұйымдастырылған танымдық іс-шара өтті

???? Таза болашақ үшін бірге! ????
Біздің мектепте экологиялық өзекті мәселелердің бірі — қоқыс пен қоршаған ортаның ластануы мәселесіне арналған "Жасыл Даму" Қорының қолдауымен ұйымдастырылған танымдық іс-шара өтті. 
Іс-шара барысында оқушылар табиғатқа ұқыпты қараудың, қалдықтарды дұрыс сұрыптау мен қайта өңдеудің маңыздылығы және әр адам қоршаған ортаны таза ұстауға қалай үлес қоса алатыны туралы білді.
Экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және өз қаласына, мектебіне және табиғатына жауапкершілікпен қарауға ерекше назар аударылды. ????
???? Айналамыздағы әлемнің тазалығы әрқайсымыздан басталады!