Үйде тегін жеке оқытуды ұйымдастыру: ата-аналар нені білуі керек
Мемлекеттік қызмет көрсету — денсаулық жағдайы бойынша ұзақ уақыт бойы бастауыш, негізгі‑орта, жалпы‑орта білім беру ұйымдарына бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау.
Балаларды үйде жеке оқыту туралы Ережелер Қазақстан Республикасының Конституциясы негізінде қолданылады. Білім туралы Заң, ҚР БҒМ 2004 жылғы 20 тамыздағы 696 нөмірлі бұйрықтары, 2004 жылғы 26 қарашадағы 974 нөмірлі бұйрықтары — мүгедек балаларға арналған оқу сабақтарын ұйымдастыру, мүгедек балаларды оқу‑тәрбие ұйымдарының үйде оқытуда ата‑аналарына көмек көрсету тәртібі туралы ережені бекіту туралы.
Үйде жеке оқытуды ұйымдастыру 18 жасқа дейінгі 1-11 сынып оқушыларының мемлекеттік білім беру стандарты шеңберінде білім беру бағдарламаларын игеру міндетін қояды, олар ауруына байланысты білім беру мекемесінде оқи алмайды. Оқыту жалпы білім беру мекемесінің оқу жоспарына кіретін пәндер бойынша бөлінген сағат шегінде үйде жүзеге асырылады.
Балаларды үйде жеке оқытуға ДКК емдеу мекемесінің медициналық қорытындысы, мектеп директорының атына ата-аналарының жазбаша өтініштері негіз болып табылады.
Психофизикалық даму ерекшеліктері бар балаларды үйде жеке оқытуды ұйымдастыру үшін психологиялық-педагогикалық консультацияның қорытындысы қажет.
2026-2027 оқу жылының басында біздің мектепте денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы мектепке бара алмайтын оқушыларға үйде жеке тегін оқыту қызметі жүзеге асырылады. Қазіргі уақытта мектепте 1-4 сынып аралығында-3 оқушы, 1 оқушы — 7 сыныптан.
Бұл қызметті алу үшін ата‑аналарға мектепке құжаттар топтамасы ұсынылады: 026 нысанды анықтама, дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы, ұйым басшысының атына заңды өкілден өтініш.
Сабақ кестесі базистік оқу жоспары, Жеке оқу жоспарлары негізінде жасалады, ата-аналармен келісіледі және мектеп директоры бекітеді. Оқушыларды үйде оқытатын мұғалімдер өткізілген сабақтар журналын толтырады. Балалардың білімі жүйелі түрде бағаланады.
Балалармен жеке сабақтар бекітілген оқу жоспары мен сабақ кестесі бойынша өткізіледі. Барлық пәндер бойынша сабақ кестесі бойынша өткізетін пән мұғалімдері тағайындалады. Ата‑аналар сабақ кестесімен және пән мұғалімдерінің тізімімен танысады.