10 Қаңтарда "№ 23 орта мектеп " КММ-де жалпы мектептік ата-аналар жиналысы өткізілді

"№23 орта мектеп" КММ-де "кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу", сондай-ақ "терроризмге қарсы қауіпсіздік"атты екі маңызды тақырыпқа арналған жалпы мектептік ата-аналар жиналысы өткізілді.

Іс-шара балалардың оқу ортасындағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ата-аналардың құқық бұзушылықтың алдын алу шаралары туралы хабардарлығын арттыру мақсатында ұйымдастырылды.